11 сыныптарға «Мамандықты дұрыс таңдау – өміріңнің бір бөлшегін дұрыс қалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Оқушылардың сан-алуан мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау,кәсіптік бағдар беру,мамандық таңдауда қателіктер жібермеу үшін кеңестер беру.Дөңгелек үстел мектеп психологы С.Сергейқызымен бірге ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында оқушылардың қандай мамандықтар таңдап жатқанын,болашақта кім болғысы келетіні туралы білдік және сол мамандықтардың қызығы мен бірге жүретін қиын тұстарын талқыладық.Мектеп психологы тренингтер ұйымдастырып,оқушыларға өз кеңестерімен бөлісті.Шараның соңында оқушылар мамандықтарға байланысты «Тауып көр» ойынын ойнады.