«Педагогтің кәсіби шеберлігі» республикалық білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған онлайн байқауы өтті.
Педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін, педагогикалық және компьютерлік ақпараттық технологияларын пайдалану дағдыларын арттыру, педагогтердің белсенділігін, дербестігін, креативтілігін және шығармашылық ізденісін ынталандыру мақсатында өткен онлайн байқауға мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Капашева Гүлжамал Нуржановна ІІІ орынды иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!