Мектебімізде қаңтар айында «Еңбек адамына қолғабыс» акциясы өткізіліп жатыр.
№41 мектеп-лицейімізде «Бір тұтас тәрбие» жобасы аясында «Еңбек адамына қолғабыс» акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты - оқушылардың бойында еңбекке сүйіспеншілікті оятып, еңбек адамына құрметпен қарауды қалыптастыру әрі оқушыларды адамгершіліккі, ізгілікке, ауызбіршілікке баулу.
Акция аясында 10 қаңтар күні 8 «в» сыныбының ұлдары шаруашылық бөлімінің қызметкері Болатбек Бекесұлының бағыттауымен мектеп ауласындағы қарды тазалауға ат салысты.
Аталмыш акция қаңтар айы бойы өз жалғасын табатын болады.