03.01.2024 күні мектеп-лицейімізде “READx” жобасы аясында «Үнемі кітап оқитын адам – табысты адам» атты шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Аталған шараға мектеп-лицейіміздің мұғалімдері мен 7 сынып оқушылары қатысты. Ұстаздар мен оқушылар оқыған кітаптарын баяндап,қызықты сәттерін айтып, оқырмандарға ерекше есте қалған кітабын оқуға ұсынды. Баланың жасөспірім кезден жауапкершілікті өз мойнына алуы туралы баяндалған Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» романын оқыған 7 «а» сынып оқушысы Мансурова Амира аталған романды ұсынса, А.Е.Бисекешева әйел адамның бала кезден жан-жақты, білімге құмар болуы,кез келген жүкті мойынымен көтере алуы туралы М.Обаманың «Becoming», А.Б.Файзуллинова батыр атамыз Б.Момышұлының тәрбиесін көрген З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабын, А.К.Мусагалиева Ж.Аймауытовтың «Ақ Білек» романың, Ш.Е.Насиболла Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романың оқып, өзгеге ұсынды.
Шара соңында қатысқан әр көрермен ерекше әсер алып, кітап оқуға деген құштарлығы оянып, алдағы уақытта аталған кітаптарды оқу ұсынылды.