4 қаңтар күні ЖОО оқутушыларының қатысуымен «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері мен жолдары» атты семинар өтті.
Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері мен жолдары түсіндіру мақсатында өткен семинарда педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Медешова Айгуль Бактыгалиевна «Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша тақырып таңдаудың маңызы» тақырыбында, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Өтемісов атындағы БҚУ экология және биохимия сынақ зертханасының жетекшісі Кунашева Зарина Хайроллиевна «Орта мектептерде химия бағытындағы ғылым зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті. 11 сынып оқушысы, облыстық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері Едіге Ерназар «IKON X-ray» тақырыбындағы өз жұмысын, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жолдасбаева Жанат «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының ережесін» таныстырды.