5 қаңтар күні «Сынып ұжымын қалыптастырудағы ата-ана рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жанынан ұйымдастырылған «Сынып ұжымын қалыптастырудағы ата-ана рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
✅«Қозғалыс тренингі»
✅Ойлан,тап
✅Топтық жұмыс «Балалар ұжымы ата-ана көзімен»
✅ІІ тоқсандағы білім сапасы
✅Кері байланыс
Жиналыс барысында ата-аналар ұжымын қалыптастыруда «Қозғалыс» тренингі өткізіліп,көтеріңкі көңіл-күймен бір-бірінің есімдеріне баса назар аударып,ойлан тап ойын-әдісі арқылы ұжымшылдыққа жұмылды.Топтық жұмыс арқылы сынып ұжымын қалыптастырудағы мұғалім,ата-ана,бала бірізді жұмысының ортақ нәтижесіне бағытталды.Ата-аналар мектеп ұжымына,Тәрбие ісі меңгерушісі Г.С.Иманиязоваға және сынып жетекшісі Г.М.Курмашеваға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.