8(7112) 22-85-97

6-7 сынып оқушылары арасында өткен «Жас математик» интеллектуалдық сайыс

15 қаңтар күні 6-7 сынып оқушылары арасында «Жас математик» интеллектуалдық сайысы өтті.

Шара мақсаты: мектеп оқушыларының арасынан математика пәні бойынша оқушылардың білім – білік дағдыларын байқау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру.

Сайысқа барлық 6-7 сыныптардан 7 оқушы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
І бөлім. «Ой қозғау»
ІІ бөлім. «Ғажайып үштік»
ІІІ бөлім. «Сырлы сандар әлемі»
IV бөлім. «Ойымды жалғастыр».
V бөлім. «Қазақтың ұлы тұлғалары». 2- бөлімнен, 4- бөлімнен кейін екі оқушыдан ойыннан шығарылып отырды. Соңғы кезеңге дейін жетіп, жеңіске жеткен оқушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз. Жұма күні өтетін апталықтың жабылуында жеңімпаз оқушыларымыз марапатталатын болады.