8(7112) 22-85-97

«Зерделі отбасы» ата-аналармен сыныптан тыс шара

17 қаңтар күні «Әлем математика тілімен» атты математика пәні апталығы аясында «Зерделі отбасы» ата-аналармен сыныптан тыс шарасы өтті

Мақсаты:Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Сайысқа әр сыныптан үш ата -ана мен үш оқушы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды, әр кезеңде түрлі қызықты тапсырмалар берілді. Соның ішінде ата-аналар «Отбасылық викторина» мен «Есепте» кезеңдерінде белсенді болды. Сайысқа ата-аналар мен оқушылар қызығушылықпен қатысты. Сайыс соңында әділ қазылар жеңімпаз топты марапаттап сыйлықтарын табыстады. 5ә сыныбы – Іорын, 5а сыныбы-ІІ орын , 5б сыныбы – ІІІорын, 5в сыныбы - Алғыс хатпен марапатталды.