19 қаңтар күні «Әлем математика тілімен» атты математика пәні апталығының жабылу салтанаты өтті.
Жабылу салтанаты апта бойы білімімен қатар, тапқырлығымен, алғырлығымен көзге түскен оқушылар мен сыныптар марапатталды. 6-7 сынып арасында «Жас математик» интеллектуалдық сайысында 6ә сынып оқушысы Шакибалов Ерқанат -І орын, 6а сынып оқушысы Қуат Ертөре - ІІ орын, 6в сынып оқушысы Қалибай Санжар- ІІІ орын иеленді. 8-9 сынып оқушыларына өткізілген байқауда «Алаш» тобы – І орын, «Пифагор» тобы – ІІ орын, «Дискриминант» тобы – ІІІ орын, «Виет» тобы алғыс хатпен марапатталды. 6-9 сыныптар арасындағы «Креативті математика» атты шығармашылық көрмелер байқауында бас жүлдені 6 а сыныбы, 6в сыныбы - І орын, 7ә сыныбы – ІІ орын, 8б сыныбы - ІІІ орын иеленді.