8(7112) 22-85-97

«Математикалық кальмар» сайысы

16 қаңтар күні 8-9 сыныптар арасында «Математикалық кальмар» сайысы өткізілді.

Мақсаты:оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; терең білімді және дүниетанымы жан-жақты қалыстасқан жастардың білімдерін одан әрі дамыту.
8-9 сыныптардан құралған «Алаш», «Пифагор», «Дискриминант», «Виет» командалар қатысты, сайыс 5 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде математикалық сауаттылық тапсырмалары берілді. Сайыс барысында оқушылар пирамида құрастырып, фонарь әдісі арқылы қызықты есептерден құралған тапсымаларды орындады. Оқушылардың ұйымшылдығы мен ой – ұшқырлығы әр бөлімде жалғасын тауып отырды.