23 қаңтар күні 41 мектеп-лицейімізде «Мамандық таңдау жүрек қалауы ма, әлде заман талабы ма?» тақырыбында 10 сыныптар арасында дебат ойыны өткізілді.
№41 мектеп-лицейінде 23 қаңтар күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы тәрбие құндылықтары:Ұлттық мүдде” бағыты аясында педагог-кәсіби бағдар беруші Н.Абайқызының ұйымдастыруымен мектепішілік 10 сыныптар арасында
«Мамандық таңдау жүрек қалауы ма,әлде заман талабы ма?» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуіміздің басты мақсаты да осы. Пікірталасымыздың қорытындысы бойынша І орынға "Sirius”командасы , ІІ орынға “Парасат” командасы ие болды. ”Үздік спикер” номинациясымен 10”ә” сынып оқушысы Кенжегалиева Дильназ марапатталды.