8(7112) 22-85-97

«Ғаламтордың пайдасы мен зияны?»

23 қаңтар күні №41 мектеп-лицейімізде 5-6 сынып оқушыларына “Жеткіншектің жеті жарғысы”жобасы аясында “Ғаламтордың пайдасы мен зияны” тақырыбында шара өткізілді.

Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Ғаламтормен жұмыс істеу өте оңай. Білімінді жетілдіру мақсатында қаншама пайдалы сайттар бар. Өз игіліңе, қажетттілігіне дұрыс пайдалана білсек, «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз.Ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.
Бірақ Ғаламторға тәуелді болу қаупіде қазіргі кезде жоқ емес. Осы мәселе тұрғысында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Ә.Бейімбетұлы оқушыларға алаяқтарға алданып қалмауды және компьютердің,ұялы байланыс құрылғысының денсаулыққа келтіретін зиянды жақтарын атап өтті. Шараның соңында “Табысты тұлға” жобасы негізінде оқушыларға тақырып шеңберінде сұрақтар қойылып,интеллектуалдық ойын ойнатылды.