19 қаңтар күні лицейімізде “Қалдықтарды табысқа айналдырайық” акциясы өткізілді.
№41 мектеп-лицейімізде 19 қаңтар күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында, “Еңбегі адал жасөрен” жобасы негізінде өзін-өзі басқару ұйымдарының жоспарымен 5-9 сыныптар арасында “Қалдықтарды табысқа айналдырайық” акциясы өткізілді. Оқушылар пластикалық бөтелке, балмұздақ таяқшалары, қалдық ағаштар және т.с.с қалдық материалдардан пайдасы мол заттар жасады. Мақсаты:
- оқушыларды қоршаған ортаны аялап, оны таза ұстауға тәрбиелеу;
- қалдықтарды қайта өңдеуге, пластикалық ыдыстарды қайта өңдеуге үлес қосуға баулу;
Акция қорытындысы бойынша:
5 “ә” сынып оқушысы Малтабарова Алтынай І орын
5 “ә” сынып оқушысы Болат Ахмед ІІ орын
8 “а” сынып оқушылары Амиров Ашим,Шинбаев Асқар ІІІ орынды иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды!