16.01 күні мектеп-лицейімізде «Шәкәрімнің ар - ұждан ілімі» тақырыбында 6 «в» сыныбында, Ақтоты Жолдыгалиевна жетекшілігімен сыныптан тыс шарасы болып өтті.
Сыныптан тыс шара мақсаты:
Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін
- ар-ұят
- мейірбандылық
- ақылдылық
- шыншылдық
- қайырымдылық секілді адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Шара барысында мұғалім қазақ халқының тәрбиесіндегі «ұят» сөзінің мағынасын ашып, ар, адалдық, адамгершілік ұғымын ақын өлеңдерімен астастыра талдап, оқушыларға кең ауқымда түсінік берді.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше екенін оқушыларға түсіндіріп, Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз екенін айтып өтті.