Мектеп-лицейімізде қаңтардың 24 күні “Нашақорлық - қоғам дерті. Есірткінің залалы.” тақырыбында дәріс өткізілді.
24 қаңтар күні лицейімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Нашақорлық - қоғам дерті. Есірткінің залалы.” тақырыбында, Облыстық психонаркологиялық диспансерінің дәрігері, психиатр - нарколог Сатанов Н.Ф. дәріс оқыды.
Мақсаты:
Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Дәріс барысында есірткінің түрлері мен ағзаға және өмірге әкелер зияны туралы, алдын алу жолдары айтылды. Елімізде ең ауыр қылмыс жасау нашақорлардың үлесінде екені айтылып, есірткіден аулақ болу туралы кеңестер берілді. Дәріс соңын психиатр – нарколог Сатанов Н.Ф. «Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!» - деп аяқтады.