8(7112) 22-85-97

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ»

«Рухы биік халықтың тарихы мәңгілік» тақырыбында өткен тарих пәні апталығы аясында 8 сынып оқушылары арасында «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» зияткерлік сайысы оздырылды.

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, шапшандыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауын дамыту.
Ел ертеңі – білімді ұрпақ» зияткерлік сайысына 8 сынып оқушыларынан құрылған «Алаш», «Жерұйық», «Самұрық», «Тәуелсіздік» төрт команда қатысты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Тұлға тарихы, ұлттық құндылық, мен оқыған бір кітап, сандар сөйлейді, жылдар мен оқиғалар. Оқушылар білім додасында белсенді командылық жұмыс көрсете алды. Жеңіске «Жерұйық» тобы жетті .Сайысты тарих пәні мұғалімі Айнур Ержановна Сатиева өткізді.
Зияткерлік үзілісте оқушыларға «Тарихи аукцион» ұйымдастырылды, 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысып сұрақтарға жауап беріп өз білімдерін көрсетті.