Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
№41 мектеп-лицейімізде қаңтардың 31 күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде 8-9 сынып оқушыларына “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі ұсақ бұзақылықтың алдын алу” тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді. Бұл шараға Орал қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға учаскелік инспекторы полиция капитаны Аманғали Э.А. және Орал қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны Габдуллина А.Е. қатысты.