8(7112) 22-85-97

«ДосболLIKE: Достық қолын ұсын» акциясы

Мақсаты:
Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.

1 ақпан күні мектеп-лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымдарының оқушылары «ДосболLIKE: Достық қолын ұсын» акциясы шеңберінде Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен “мектеп-интернет-колледж” орталығына барып, өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп қайтты. Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары концерттік бағдарлама ұсынып, ойындар ойнатып, тәттілермен бөлісті. “Мектеп-интернет-колледж” оқушыларды құша жая қарсы алып, әсем әндерімен бөлісті. Арнайы кешеннің ұстаздары мен оқушылары мектеп-лицейіміздің оқушыларына және ұжымына өз алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, қимастықпен шығарып салды.