8(7112) 22-85-97

“Келешекке бағытталған білім: Smart-education” физика және информатика пәндер апталығының ашылуы

5 ақпан күні “Келешекке бағытталған білім: Smart-education” физика және информатика пәндер апталығының ашылуы өтті.

Мақсаты: физика және информатика пәндерінен сабақтан тыс іс-шараларда Smart оқытуды қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру және ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталықтың ашылу салтанаты әлемді өзгерткен жаңалықтар тақырыбымен басталды. Ньютонның Бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашылуы, Томас Эдисоның лампочканы ойлап тапқаны, Поповтың радионы ойлап тапқаны және американдық өнертапқыш Стив Джобстың эволюциясынан көріністер қойылды.