Мектеп-лицейімізде 6 ақпан күні 5”б”, 5”в”, 8”а”және 9”а”сынып оқушыларына “Мектеп оқушылары арасында жиі тіркелетін жұқпалы тері аурулары туралы, соның ішінде қышыма, педикулез, микроспория аурулары” тақырыбында дәрігермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында облыстық тері-венерологиялық диспансері дәрігері Саргелек Жазира Нұрлыбекқызы қышыма, педикулез және микроспория ауруларының алдын алу туралы пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
Аталға аурулар таралмау үшін не істеу қажет?
✔️Жеке тазалық шараларын сақтау:
🔴аптасына кемінде 1 рет бас пен денені жуу;
🔴үнемі киімді ауыстыру, оны жуып,үтіктеу;
🔴жеке тазалық құралдарын қолдану:тарақ, шашқа арналған резеңке,қыстырғыш,жөке және т.б, бөгде адамдармен қолданбау;
🔴басқа адамдармен , әсіресе бөтен адамдармен жақын байланыстан аулақ болу.
✔️Балалар ұжымында, сондай-ақ басқа ұйымдасқан ұжымдарда мерзімді тексеру.
✔️Киімге және төсек-жабдыққа қарау:
🔴сыртқа киімдерді, жұмсақ жиһаздарды үнемі тазалау (жуу, желдету, химиялық тазалаудан өткізу);
🔴өз киімін ғана кию;
🔴үнемі төсек-жабдықты ауыстыру,оны жуу,үтіктеу,монша ,бассейндерде жеке бас киімді кию.
Өздеріңіз білетіндей, кез-келген аурумен күрестегі басты қару бұл алдын-алу. Битшеңдік жұқпасының жағдайы орын алғанда баламен, басқа ата-аналармен, мұғалімдермен осы тақырып бойынша бірлескен тәртіпте әрекет етуі маңызды. Бүгінгі таңда сатылымда биттерден арылуға арналған түрлі препараттар бар спрей, сусабындар, лосьондар, аэрозольдер оларды уланудан немесе терінің күйіп қалуынан аулақ болу үшін нұсқауларға сәйкес қатаң қолдануды ұмытпаңыз.