2 ақпан күні мектеп-лицейімізде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары” жобасы шеңберінде позитивті ата-ана мәдениетін дамыту мақсатында “Зияткер ата-ана” тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары” жобасы шеңберінде позитивті ата-ана мәдениетін дамыту мақсатында “Зияткер ата-ана” тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні - баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды даму үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бүгінгі таңда педагогтердің басты міндеті: әр отбасына қолдау таныту, ата-ана алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру және мектеп пен отбасы арасындағы жайлы ортаны қалыптастыру болып табылады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Иманиязова қолдау орталығының жұмыс жобасымен таныстырса, 5”б” сыныбының жетекшісі А.Қ.Батырғалиева ата-аналарға зейінді ынталандыруға, ұжыммен бірге шешім қабылдауға бағытталған зияткерлік ойын өткізді.