8(7112) 22-85-97

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық – зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі ұсақ бұзақылықтың алдын алу»

Ақпан айының 7 күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде 8 сынып оқушыларына “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі ұсақ бұзақылықтың алдын алу” тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.

Ақпан айының 7 күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде 8 сынып оқушыларына “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі ұсақ бұзақылықтың алдын алу” тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді. Бұл шараға Орал қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны Габдуллина А.Е. қатысып,түсінік жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан мына жағдайларды ескеріп,бақылау қажет:
📌Ата-ана баланың буллингке ұшырамауы үшін не істеуі керек?
Бірінші кезекте, кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда ғана баланың қысымға ұшырағанын не қатарластарынан көргенін айта алады. Мектептегі уақыты қалай өткенін, интернетте не істейтінін сұраған жөн. Тек сабақ үлгерімі емес, баланың сезімі, қатарластарымен қарым-қатынасы жайлы да сөйлесу қажет.
📌Балаңыздың қатарластары тарапынан буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?
Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектепте не болып жатқанын ата-анасына айтуға қорқады. Сондықтан кез келген ата-ана баланың буллингтен зардап шеккенін байқауы керек. Қысым көрген баланың мінез-құлығында мынадай өзгерістер болуы мүмкін:
– өзінен кіші балалар мен жануарларға агрессиямен қарау;
– ұйқы немесе тамақтану режимінің бұзылуы;
– концентрацияның жоғалуы;
– тез шаршау;
– тыныштықта көп болу;
– реніш;
– өзгеден оқшаулану.
📌Қысымға ұшыраған балаға қалай көмектесу қажет?
Бала біреу оны ренжіткен болса, ол бұл туралы мұғалімдерге немесе ата-анасына айтуға құқылы екенін анық білуі керек. Буллингке ұшыраған бала ата-анасына немесе мұғалімдеріне не болып жатқанын өте сирек жағдайларда айтады. Сондықтан баламен ашық диалог құрып, көп сөйлесу қажет. Балаға психологиялық және эмоционалдық қолдау жасап, оның жағында екеніңізді сезіндіруіңіз керек.
📌Буллингті қалай тоқтатуға болады?
Егер балаңыз сыныпта қысым көрсе, бірінші кезекте сыныптастарының ата-анасымен сөйлесу керек. Жалпы жиналыста емес, әр ата-анамен жеке-жеке сөйлескен дұрыс. Егер әңгімелесу нәтиже бермесе, онда сынып жетекшісі, мектеп директоры, психолог пен учаскелік полиция қызметкерін араластыру керек.