8(7112) 22-85-97

«Quiz time» интеллектуалдық сайысы

5 ақпанда «Quiz time» интеллектуалдық сайысы өтті.

Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.
Интеллектуалдық сайыс мұғалімдер мен 11-сынып оқушылары арасында аралас топтар құрылып өткізілді. Сайыста «Кіріспе», «Meloman», «2ГИС»,
«Ең ең …», «Тақырып», «Нартәуекел» турлар бойынша қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Мұғалімдер мен оқушылар сайысқа аса қызығушылықпен қатысты. Жеңімпаз команда дипломмен және «STARS» кубогымен марапатталады.