8(7112) 22-85-97

«RAPID TYPING» жылдам пернетақта ойыны

6 ақпан күні «RAPID TYPING» жылдам пернетақта ойыны өтті.

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, компьютерде тез жұмыс жасау дағдысын қалыыптастыру және ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
«RAPID TYPING» жылдам пернетақта ойыны 5 сыныптар аралығында өткізілді. Оқушыларға “Ratatype” платформасында берілген мәтінді тез әрі қатесіз жазуы қажет болды. Жарысқа барлығы 27 оқушы қатысты. Жеңімпаздар апталықтың жабылуында марапатталады.