“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде 8 ақпан күні 9 “б” сыныбына Абай Құнанбаевтың “Толық адам ілімі” тақырыбында мектеп кітапханашысы А.А. Серикова сыныптан тыс шара өткізді
Мақсаты: Оқушыларды Абай шығармашылығымен, соның ішінде “Толық адам “туралы ұстанымдарымен таныстыру.Абай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу.
Шара барысында оқушылар «толық адам» ілімі жайлы ой бөлісіп, жаңа мәліметтермен танысты.ХХІ ғасырда, ғылым мен техника дамыған, жаһандану заманында бойындағы ізгі қасиеттерді кіршіксіз сақтай отыра, табысты адам болу үшін де Абайдың «толық адам» ілімін қайта қарап, қазақи қалыпқа бейімдеп, күнделікті өмірімізге тиімді етіп қолдану әрқайсымыздың қолымызда.