8(7112) 22-85-97

«Кәде сыйлар» 3D үлгілеу олимпиадасы

7 ақпан күні «Кәде сыйлар» тақырыбында 3D үлгілеу олимпиадасы өткізілді.

Мақсаты: бағдарламалауға бейім, интелектуалды ойлайтын, шығармашылыққа қабілеті жоғары, есептеуіш техникамен жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан, әлеуметтік желі тәртібімен таныс оқушыларды анықтау және қолдау көрсету.
Міндеттері:
- дарынды, зерек және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау көрсету;
- оқушылардың жаңа ақпараттық және компьютерлік технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру.
Олимпиада нәтижесінде: 6 а сынып оқушысы Серік Аңсар – 1 орын, 6 б сынып оқушылары Қуанай Ерасыл, Аманбай Дәулет – 2 орын, 6 б сынып оқушысы Мұрат Аңсар – 3 орын, 6 ә сынып оқушысы Бахтиярова Малика – 3 орын иеленді.