8(7112) 22-85-97

IQas интеллекуалды ойыны

8 ақпан күні «IQas» интеллекуалды ойыны өтті.

Мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс орнату, балалардың бойына отбасылық құндылық сезімдерін ояту. Оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыстануға үйрету.
7 сынып ата-аналары және оқушылары арасындағы отбасылық сайысы өткізілді. Сайысқа 7а,7ә,7б сыныптарынан 5 команда қатысты. «IQAS» интеллектуалдық жобасының ойындары логика негізделген 5 турды құрады. Оқушылар мен ата-аналар аса қызығушылықпен қатысты. І орынды иеленген 7а сыныбынан құралған «Ой-сана» командасы, ІІ орынды 7б сыныбының командасы «Жас биологтар» командасы, ІІІ орынды 7ә сыныбының «Арыстан» командасы иеленді. Ойын нәтижесінде жеңіске жеткен топтар мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды.