8(7112) 22-85-97

“Келешекке бағытталған білім: Smart-education” атты физика және информатика пәндер апталығының жабылуы

9 ақпан күні “Келешекке бағытталған білім: Smart-education” тақырыбында физика және информатика пәндер апталығының жабылуы өтті.

Мақсаты: физика және информатика пәндерінен сабақтан тыс іс-шараларда Smart оқытуды қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру және ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталықтың жабылуында барлық сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар дипломдармен және белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.Және апталық аясында өткен барлық шараларды бейнеге түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне #41inf41fiz хештегімен салған оқушылар арасында «Үздік мобилограф» номинациясымен екі бірдей оқушы марапатталды. Қатысушы оқушылардың барлығына тәттілер үйлестірілді.