Мақсаты:
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Оқушыларды - елжандылыққа, терең ойлауға, өнерді сүюге, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамытуға бағыт-бағдар беру.
Мектеп-лицейімізде 16 ақпан күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде
“Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы” тақырыбында машықкерлердің ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында сайыс оздырылды.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1 кезең - “Таныстыру”,
2 кезең - “Презентация”,
3 кезең - “Ойлы болсаң, озып көр” интеллектуалды сайыс,
4 кезең-“Quizz show”,
5 кезең - “Өнер сайысы”
Сайыс қорытындысы бойынша: І орынға-7 “ә” сыныбы “Алаш” тобы, ІІ орынға-7 “а” сыныбы “Болашақ” тобы және 7 “б” сыныбы “Оян қазақ” тобы ие болды.