20 ақпан күні 9 сыныптар арасында "Who takes dollars?" атты викторина ойыны ұйымдастырылды.
Мектеп-лицейімізде 20-ақпан күні ағылшын тілі пәні мұғалімдері А.Б.Файзуллинова мен А.Е.Бисекешеваның ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында "Who takes dollars?" атты викторина ойыны өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қызықты сұрақтар арқылы ағылшын тілін оқуға қызығушылығын арттыру болып табылды. Аталған шараға 8 ойыншы қатысты. Алайда, ойынды тек іріктеу кезеңінің сұрағына тез, әрі дұрыс жауап берген қатысушы ғана жалғастырды. Ойын барысында сұрақтарға мүдірмей жауап берген қатысушылар арнайы сыйлыққа ие болды.