2024 жылғы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Малкеджар Бөкенбаев атындағы ІІМ Ақтөбе заң институтының өкілетті қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Аталмыш кездесуге ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институт бастығының орынбасары Каракушев. С. И, Қылмыстық құқық,қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы Саханова. Н. Т және БҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Сағын.Қ. Е қатысты. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкіпірінен жүздеген түлек оқуға түсетінін, Заң институтын бітірген курсанттар полиция лейтенанты шенін иеленіп, 100 пайыз жұмыспен қамтылатын айта кетті. Мұнда курсанттарға бар жағдай жасалып, мемлекет тарапынан тегін білім алатынын қоса кетті. Институтта спорт алаңы, акт залы, музей, жатақхана, асхана жұмыс жасайды. Болашақ түлектер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тікелей жауап ала алды.