8(7112) 22-85-97

«Сабақтың дизайны: мақсат қоюдан білім беру нәтижесіне дейін» шеберлік сағаты

№41 мектеп-лицейінде 21 ақпан күні «Сабақтың дизайны: мақсат қоюдан  білім беру нәтижесіне дейін» тақырыбында жас ұстаздарға С.У.Нурсапина мен Л.С.Мукатаеваның ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өткізілді. 

Бұл шараның басты мақсаты - жас ұстаздарға әдістемелік көмек беру, сабақ үрдісінде ҚМЖ-ны мақсатқа сай сауатты жазу бағытында бағдар беру. Шараның пракикалық бөлімінде НЗМ-ның мұғалімі М.Б.Сралиева өзіндік тәжірибесін ортаға салып, әдістемелік қоржынымен бөлісті. Жас ұстаздар топтық жұмыстарға белсене қатысып, ойларында жүрген сауалдарын ортаға салып, өзіндік әдістерімен бөлісті.