21-ақпан күні ағылшын тілі апталығы аясында А.Е Бисекешеваның ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында "Who is smarter?" атты интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамуға талпындыру болып табылды. Ойын 3 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде оқушылар еліміз туралы куизға жауап берсе, 2-кезеңде түрлі логикалық сұрақтарға, 3-кезеңде елтану мен әлемдік мәдениеттану сұрақтарына жауап берді. Ойынның қорытындысы бойынша I орын 7 "ә" сынып оқушылары "Harvard graduates", II орын 7 "а" сынып оқушылары "The Justice League", III орынды 7 "б" сынып оқушылары "Polymath" тобы иеленді.
Қатысушы командалар мақтау қағаздары мен тәттілермен марапатталды.