8(7112) 22-85-97

«Ардагерлер – асыл ерлер»

Мақсаты:

  • Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында» және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау;
  • Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау;
  • Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу
  • Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру;

22 ақпан күні мектеп-лицейімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде “Ардагерлер - асыл ерлер” тақырыбында Тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу кешінде “Жауынгерлік бауырластығы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, БҚО Білім басқармасы, Білім беруді дамыту орталығының әдіскері, Тәжік-Ауған соғысының ардагері Нурканов Мейрлан Аманжолович және Республикалық “ Жауынгерлік бауырластығы” қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Ибрашев Аман Хабдолович сол бір қиын қыстау күндері жайлы естеліктерімен бөлісіп, тағылымды әңгіме өрбітті. Кездесу кешіне 10 сынып оқушылары және №46 ЖОББ мектебінің оқушылары мен АӘД пәнінің оқытушысы Тлесов Д.А. қатысып, өз сұрақтарын қойды. Кездесу барысында қонақтардың құрметіне «Жас сарбаз Республикалық әскери – патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері арасында өткен ән байқауының ІІ орын жүлдегері, 11 сынып оқушысы Махсот Әлихан Құрманғазының «Адай» күйін тарту етті.

Өмірдегі барлық бақ-байлығымыздың негізі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні әр қазақ үшін қымбат, қастерлі. Сондай-ақ, мәңгілік ұмытылмас күндер бар. Кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұлан үшін ол 7 сәуір. Дәл осы күні, 1995 жылы ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында айбынды ерліктің не екенін нақты дәлелдеп, қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын. Амал қанша, мұздай қаруланған лаңкестермен кескілескен сол шайқаста 17 бауырымыз қаза болып, 34 жарақат алды. Оларды ұмытпау, ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің басты мақсатымыз.

🔵Ұйымдастырушы АӘД пәнінің оқытушысы Насибуллин Е.Н.