8(7112) 22-85-97

"Spelling Bee" атты сайыс

21 ақпан күні  5  сыныптар арасында " Spelling Bee " атты сайыс ұйымдастырылды.

21-ақпан күні ағылшын тілі апталығы аясында Ш.Е. Насиболла мен А.Б. Файзуллинова ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында " Spelling Bee" атты сайыс өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшынша сауатты жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру болып табылды. Ойын 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде әр топ басшысы өзін және топ мүшелерін таныстырса, 2-кезеңде жұмбақтардың шешімін тауып, 3-кезеңде сөз тізбегін жалғастырды, ал 4-кезең тапсырмасы артикулияцияға бағытталған. Ойынның қорытындысы бойынша I орын 5"в" сынып оқушылары "The best team", II орын 5"а" сынып оқушылары "Eagles", III орынды 5"ә" "The Legends"  және 5"б" сынып оқушылары "Champions" топтары иеленді.

Қатысушы командалар мақтау қағаздары мен оқу-құралдарымен марапатталды.