20 ақпан күні мектеп оқушыларына"Polyglot " атты сайыс-шара ұйымдастырылды.
20-ақпан күні ағылшын тілі апталығы аясындаА.Е. Темирова мен машықкерлердің, Ж.Н. Махметова мен Н.А. Қарасаеваның ұйымдастыруымен “Polyglot” атты сайыс-шара өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың 3 елмен туралы яғни, Қазақстан, Ресей және Ұлы Британия туралы білімдерін жандандыру, оқушыларды сергіту, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілінде оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту, ойын өзге тілде ашық жеткізуге талпындыру болып табылды. Шараға 5, 6, 7, 8, 9 сыныптар қатысты. Оқушылар 15 минуттық қоңыраудағы уақыттарын тиімді өткізе алды.“Guess the order of things” және “Paper with questions” ойыны арқылы шара өткізілді, ойын барысында 3 елге байланысты сұрақтар қойылды әрі 3 тілдегі мақал-мәтелдерлің жалғасы табылды.
Қатысушы оқушылардың әр дұрыс жауабы үшін тәтті сыйлықтар сыйға берілді.