8(7112) 22-85-97

“Teach grow” жобасы аясында “Артық білім - кітапта…” атты онлайн кітап оқу сайысы

“Teach grow” жобасы аясында  “Артық білім - кітапта…” атты онлайн кітап оқу сайысы мұғалімдер арасында өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты   оқу мәдениетін қолдау және дамыту, мұғалімдер арасында үздік көркем әдеби шығармаларын кеңінен тарату болды.

Кітап оқу кезінде мұғалімдерге  3 шығарма оқуға беріліп, әр шығарманы оқығаннан кейін 15 сұрақтан тұратын тест тапсырып отырды. Сайыстың қорытынды кешінде кітап оқу сайысына қатысқан мұғалімдер арасында топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқыған  шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, шығарманың негізгі ойын анықтап, талдау жүргізілді.

“Артық білім - кітапта…” атты онлайн кітап оқу сайысының нәтижесі бойынша:

I орын - Бақтиярова Индира

II орын - Батырғалиева Айнұр Қанатқызы

III орын - Утебалиева Алия Жаркыновна

“Алғыс хатпен” Габдрахманова Бибигуль Демеуовна, Сисенова Айнұр Уахитовна марапатталды.

Барлық жүлдегерлер арнайы дипломдармен, сондай-ақ кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды!