22 ақпан күні 5-9 сыныптар арасында "HiddenTalent" атты ұйымдастырылды.
22-ақпан күні ағылшын тілі апталығы аясында А.Ж.Утебалиева мен А.У.Сисенованың ұйымдастыруымен 5-9 сыныптар арасында "HiddenTalent" атты өнер байқауы өткізілді. Шараның мақсаты: ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танылмаған талант иелерін ашу болып табылды. Байқауда әр түрлі сыныптардан оқушылар ән,би,түрлі аспапта орындады: пианино,скрипка.домбыра,гитара сияқты аспаптарда оқушылар шебер орындады.Байқауда 20 нөмірден тұратын қатысушылар бақтарын сынады. Байқаудың шарты бойынша ең үздік өнер иесіне До-До пицериясына сертификат,екінші талант иесіне Киноплекске билет,үшінші талант иесіне Донер сертификаты беріледі.Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімімен Сертификат пиццаға 5 «Ә» оқушысы Ахметова Амира, киноға билет 9 «Ә» сынып оқушысы Кенжебай Ерасыл,Донерге сертификатты 9 «б» сынып оқушысы Серік Райымбекиеленді.
Белсенді қатысушыларға оқу-құралдары мен тәттілер берілді.