22 ақпан күні 6 сыныптар арасында "Tnink and Guess" атты саяхат-шара ұйымдастырылды.
22-ақпан күні ағылшын тілі апталығы аясында А.У.Сисенованың ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында "Tnink and Guess" атты саяхат-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру, лексико-грамматикалық білімдерін шыңдау, ағылшын елдерін жақсы танып білу, топта бірлесіп жұмыс істеуге баулу, есте сақтау, ойлау, оқу қабілетін дамыту болып табылды. Әр сыныпқа Ұлыбританияның қалаларын және елімізді таныстыру берілді. 6 «А» сыныбы Англияға саяхат жасаса, 6 «Ә» Уэльс қаласын, 6 «б» Қазақстанды, 6 «в» сыныбы Солтүстік Ирландияға саяхат жасады. Ойын 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең: «Quizz». Оқушылар бұл кезеңде Англия туралы тест сұрақтарына жауап берсе, 2-«Find the pair», бұл кезеңдеоқушылар грамматикаға байланысты сұрақтардың жұбын табады. 3-кезең: «Froggy jump», бұл кезеңде арнайы платформада әр сыныпқа 3 сұрақтан беріледі, 30секунд уақытта жауабын айту керек. 4-кезең: «Magic 5», бұл кезеңде әр сынып 5 спорт түрлерін, 5 мектеп құралдарын, 5 елді, 5 аптаның күнін айтады. Ойынның қорытындысы бойынша номинациялар берілді: 6"ә" сынып оқушылары "The most clever", 6"а" "The smartest", 6"б" "The fastest", 6"в" "The Bravest" номинацияларын алды.
Қатысушы командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қазақстанның символы бейнеленген галстуктар сыйға берілді.