8(7112) 22-85-97

«Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік-өміріңнің қас жауы»

Мақсаты:
Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

23 ақпан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде «Құқық және тәртіп» фракциясының мүшесі 9 «б» сынып оқушысы Туях Асия және тәлімгер Бақтиярова А.М. жетекшілігімен 5 сынып оқушыларына «Тәртіп-тәрбие бастауы,тәртіпсіздік-өміріңнің қас жауы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Қозғалған мәселелер мынадай:
- Құқық бұзушылық;
- Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері;
- Бала құқығы;
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға жағдаяттар оқылып, сол жағдаят бойынша түрлі сұрақтар қойылып, оқушылардан жауап алында. Қатысушы оқушылар белсенділік танытып, ойларын ашық әрі нақты жеткізе алды.