8(7112) 22-85-97

Экологиялық білім беруді тұрақты дамыту бойынша үздік балалар бизнес-жобасы

20 ақпан күні күні қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Экологиялық білім беруді тұрақты дамыту бойынша үздік балалар бизнес- жобасы» өткізілді.

Жобаның мақсаты: қоғамның әлеуеттік маңызы бар мәселелерін шешу жолдарын қарастырып, кәсіпкерлік қызметке ынталандыру, талантты да талапты жастарды анықтау, белсенді құзыретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу.
Балалар бизнес- жобасы үш бағыт бойынша өтізілді.
Аталған жарысқа мектебімізден «Экоөнімдер» бөлімі бойынша 8а сынып оқушылары Саганаева Лейла, Серикова Ажар III орынды иеленді. (жетекшісі: Нургожина А.Ш.) «Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық технологиялар» бөлімі бойынша - 9ә сынып оқушысы Оңғар Аружан «Алғыс хатпен» марапатталды. (жетекшісі: Имангалиева Б.Т.) «Инновациялық экологиялық бизнес – идеялар» бөлімі бойынша- 9а сынып оқушысы Есмағамбет Ағзам «Алғыс хатпен»марапатталды. Жетекшісі: Бергалиева Г.К. Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін құттықтаймыз!