27 ақпан күні қалалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы өткізілді.
Жобаның мақсаты: жасөспірімдерді отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды насихаттау, жазуға талапты балалардың қабілет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, оқушыларды көпшілік алдында белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойын нақты, жүйелі жеткізуге машықтандыру. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 4-бағытта өткізілді. “Білгірлер бәйгесі” бөлімі бойынша 8 «а» сынып оқушысы Саганаева Лейла І орын иеленді. (Беккужиева С.А)
“Жас қаламгер” бағыты бойынша 7 «б» сынып оқушысы Нұрлан Дәрия ІІІ орын (Куанышкалиева Г.Е.) және “Сөз шеберлері” бөлімі бойынша 7 «б» сынып оқушысы Ақылбек Дария Алғыс хат иеленді (Куанышкалиева Г.Е.)