29 ақпан күні педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында байқау өтті.
Шара мектепішілік «TEACH GROW» жобасы аясында өткізілді. Идеялар байқауының шарттары 1. Таныстыру. Қатысушы мен жұбының ортақ ерекшеліктерін көрсететін 3-5 минуттық таныстырылым. 2. Шеберлік палитрасы. Қатысушы өз жұбымен бірге таратуға лайықты педагогикалық идеяны ұсыну. 10 педагог қатынасты. Байқау нәтижесі бойынша І орынды Оспан Қ.Т, Нурманов А.О, II орынды Утебалиева А.Ж, Насиболла Ш.Е, ІІІ орынды Есетов Ә.Б, Жайманова Н.Б тандемдері иеленді. Сатиева А.Е, Нургожина А.Ш тандемі «Жаңашыл ұстаз», Бисекешова А.Е, Файзуллина А. Б тандемі «Ең креативті» аталымдарымен марапатталды.