Мақсаты: оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу - танымдық жұмыстарын ынталандыру және ой еңбегінің беделін арттыра отырып ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі – РҒЖК) төртінші қорытынды кезеңі 2024 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында Тараз қаласында өткізілді. Ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңіне кезеңіне мектебімізден 2 оқушы (1 жоба командалық) қатысты. 11 сынып оқушылары Едіге Ерназар, Сагынтаева Ранида "Жер және ғарыш туралы ғылым" секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Кажмуханова Гульмира Шыныбековна . Оқушыларымызды және жетекшісі Гульмира Шыныбековнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!