Мақсаты:
- Оқушылардың адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтары мен қажеттіліктерін дамыту;
- Көркем мәнер қалыптастыру;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Бос уақытты ұйымдастырудың белсенді түрлеріне оқушыларды кеңінен тарту;
- Жас дарындыларды айқындап білу және қолдау;
- Жастар арасында «қазақша КВН» ойынын дәріптеу;
29 ақпан күні мектеп-лицейімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде “Табысты тұлға” жобасы аясында “Парламент” және “Жас Ұлан” ұйымдарының жоспарымен 5-8 сыныптар арасында “Jaidarman” ойыны өткізілді.
Әділ-қазылар алқасының төрайымы: Астана қаласындағы Республикалық Премьер лига ойындарының вице чемпионы “ТАЛАНТ” құрамасының ойыншысы Қабошев Бержан Бауыржанұлы.
Әділ-қазылар алқасының мүшесі: Мектеп-лицейіміздің 2014 жылғы түлегі Асқаров Темірлан Әлібекұлы.
Әділ-қазылар алқасының мүшесі: Республикалық “Жас Сарбаз” әскери-патриоттық әндер байқауының ІІ орын иегері, мектебіміздің 11 сынып оқушысы Махсот Әлихан Әділбекұлы .
Жайдарман ойынының бөлімдері:
1. Сәлемдесу
2. 5 жаңалық
3. Үй тапсырмасы
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын - “Өзімізғо Элита” құрамасы (6 сынып оқушылары)
ІІ орын - “41 билайндары” құрамасы (7 сынып оқушылары)
ІІІ орын - “Құдіретті жігіттер” (5 ә сынып оқушылары” және “Krashtar” (8 сынып оқушылары)
Оқушыларға арнайы диплом және жеңімпаз командаға айналмалы кубок табысталды. Оқушыларды құттықтаймыз.