Фестивальдің мақсаты:
- біртұтас тәрбие бағдарламасының Ұлттық мүдде құндылықтарын жүзеге асыру;
- қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу;
- әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану;
6 наурыз күні Қалалық білім беру бөлімі және Мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясынды “Әжелер сөзі - тәрбие көзі” қалалық әжелер мен қыздар өнер фестивалі өткізілді.
Мектеп-лицейіміздің атынан 8 “ә” сынып оқушысы Жұмағалиева Альмира және әжесі Базарғалиева Айсұлу қатысты. Жауапты: мектеп тәлімгері Бақтиярова А.М.
Фестиваль екі бөлімнен тұрды.
1 бөлім: “Әжемнің ұрпағын әлдилеген” - таныстыру;
2 бөлім: “Өнерлі өрге жүзер” Үй тапсырмасы, өнер көрсету.
Фестиваль қатысушылары Қалалық білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды, қатысушы оқушымызға және әжесіне алғыс білдіреміз.