№41 мектеп-лицейімізде 7 наурыз күні нәзік жанды аруларды құттықтау шарасы өткізілді.
7 наурыз мектеп-лицейіміздің 10 “а” , 10 “ә” сынып оқушылары және сынып жетекшілері Лаура Самиголлаевна мен Айнур Уахитовнаның ұйымдастыруымен “Шуағын шашқан көктемім” тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараның жүргізушілері: Мирбол Нұрдәулет және Мақсот Марғұлан.
Мерекелік бағдарлама мектеп-лицейіміздің директоры А.М.Даумова сөзімен, 5 “б” “Аналар күні” және 5 “ә” “Ана” әні хорымен ашылды.
Сонымен қатар Рок-н-ролл “Балауса” би тобы
10 сынып оқушыларының биі “Ұнайды маған”
Серік Нұрдәулет “Әйелдер” өлені
Скрипка “Ноктюрн шығармасы” Тулеуш Айкөркем
“Бойы бұлғаң” ән мен биі
Баянова Аянат “Сырласу вальсі” әні орындалып, ұл балалар ұстаздарды биге шақырды.
Шараның ең қызықты сәтінің бірі номинация табыстау болды.
- Мектеп-лицейімізді жүйелі талабымен басқарып отырған мектеп-лицей директоры Даумова Айтжан Мақсотқызына “Үздік көшбасшы” номинациясы
- Ұзақ жылдары бойы мектебімізде тұрақты еңбек еткен нәзік жанды ару апайымыздың бірі Ұлболсын Максотқызына “Өз ісіне адал” номинациясы
- Мектеп-лицейіміздің шаруашылық жұмысын дөңгелетіп жүргізіп, тұрақты еңбек етіп келе жатқан нәзік жандылардың бірі Мәншүк Камиллевнаға “Іскер жан” номинациясы берілді.