8(7112) 22-85-97

«Жан байлығы-біліммен ұштасқан өнер» апталығының ашылу салтанаты

11 наурыз күні  хореография, көркем еңбек, музыка, пәнінің апталығы «Жан байлығы-біліммен ұштасқан өнер» апталығының ашылу салтанаты өткізілді.

Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, оқушылардың өнерге деген шығармашылық қабілетін дамытып, білімді, өнерлі, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.

Апталық барысында әр түрлі өнер тұлғаларымен таныстыру бағытында  көрсетілім қойылып, «Балауса» би тобының  орындауындағы  «Гүлдер», «Наурыз» биі, 7 сынып оқушысы Меңдібай Нұрисламның орындауындағы «Наурыз-көктем» әні, мектебіміздің домбырашыларының күмбірлете ойнаған «Ерке сылқым»  күйі тартылып апталықтың ашылуы өтті. Шара соныңда апталықтың жоспары таныстырылды.