Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Мемлекет басшысының жарлығымен Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойлану қолға алыңған болатын.
Мектеп-лицейімізде 14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтілді. Жасы кіші жасы үлкенге барып көрісіп бата-тілектерін алып, қыстан аман-есен шыққан оқушылар, ұстаздар және қызметкерлер бір-бірімен қуана қауышып, қол алысып көрісті.
Лицейіміздің әр қанаттарында оқушылар ыстық бауырсақ және Наурыз көжелерден ауыз тиіп, бір – біріне «Бір жасыңмен!» деп тілек білдірді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні барлығы шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде жүрді.