Наурыз айының 13 күні мектеп-лицейіміздің 9”в” сынып оқушылары “ Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде “ ұйымдастырылған ашық есік күніне барып, экскурсия жасап келді.
Мақсаты: оқушылардың болашақ мамандықтарын жаңылмай таңдауға бағыт- бағдар беру.
Мамандық таңдау маңызды қадам, сондықтан болашағың мамандығыңа байланысты деп айтсақ қателеспейміз. Оқушылар ,Республикалық жоғары медициналық колледжге барып, қандай мамандықтар бар екенін біліп, танысып келді. Атап айтсақ: мейіргер, жоғары мейіргер, акушерлік, стоматологиялық, емдеу ісі, фармацевтика, гигиена және эпидемиология, зертханалық диагностика пәндерін оқып,білікті маман иелері болып шығуға зор мүмкіндік береді. Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың медицина саласына деген қызығушылықтары арта түсті.